avangard-pressa.ru

Бекмаханов Ермұқан Бекмаханұлы - Экономика

(1915-1966)


Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Воронеж педагогикалық институтын бітірген. 1937-1940 жылдары Педагогикалық ғылыми-зертеу институтының (қазіргі Білім академиясының) ғылыми қызметкері, директоры болды. Соғыс жылдары Халық ағарту комиссариатының басқармасын басқарды. Тарих, археология және этнография институтының аға ғылыми қызметкері, директорының орынбасары, Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы, профессоры, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Ғұлама ғалым Е.Бекмаханов 1946 жылы «ХІХ ғасырдың 20-40-шы жылдарындағы Қазақстан» атты еңбегін КСРО Ғылым академиясы Тарих институтының Ғылыми кеңесінде қорғауға ұсынып, бір жылдан кейін жеке кітап қылып бастырды. Еңбек орыс отарлауының бастапқы кезеңіндегі Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарға арналған.
Е.Бекмаханов 1952 жылы 25 жылға бас бостандығынан айырылып, жер аударылды. Осы ауыр кезеңде оған мәскеулік достары көп көмек көрсетті. Академик А.Панкратованың тікелей араласуы және сталиндік режімді әшкерелеу бойынша әрекеттердің басталуы ғалымның түрмеден босауына мүмкіндік берді.
Ғалымның 100-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде Қазақ КСР тарихы бойынша хрестоматиясы, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихы бойынша 6 оқулығы бар.

Нығмет Сауранбаев

Нығмет Тынәліұлы Сауранбаев – қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымының докторы, профессор.

1932 жылдан бастап ол жоғары оқу орындарында сабақ берді, оқулықтар жазды, студенттер мен аспиранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті. Н. Саранбаев 1950 жылдардан бастап қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы туралы мәселелермен шұғылданды. Әдеби тілдің тарихы жөнінде еңбек жазып, артына елеулі із қалдырды.

Н. Сауранбаевтың білім беру, мәдениет, тарих пен әдебиетке және саяси-әлеуметтік өмірімізге байланысты жазған мақалалары да өте көп.

Лкей Марғұлан

Әлкей Марғұлан – тарих ғылымдарының кандидаты, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Шоқантанушы, қорқыттанушы, ондаған кітап пен 300-ден астам ғылыми-зерттеу жұмыстарының авторы. 2004 жылы оның 100 жылдығы ЮНЕСКО бойынша дүниежүзілік деңгейде атап өтілді. Біз де осындай өз халқын сүйген Әлкей атамызға ұқсап өсейік.

ЭКСПО -2017 елімізде ғылымның жаңа дамуына ықпал етеді.

ЭКСПО -2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі.

Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Көрмеге әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Оған 2 миллионнан астам адам қатыса алады деп күтіліп отыр.

ЕХРО 2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануға жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.

Көрме сондай-ақ елдің қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.

Назарбаев уиверситеті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда халықаралық дәрежедегі университет ашу туралы бастама көтерген болатын.

Басты мақсат – жастарымыздың әлемдік деңгейде білім алуына жағдай жасау. Біраз уақыттан бері «Астана университеті» деп аталып келген білім ордасына Елбасының фамилиясы берілді. Оқу ордасы ресми түрде «Назарбаев университеті» деп аталды. Оқу орнына қабылданған студенттерге әлемнің таңдаулы деген 11 жоғарғы оқу орындарының ғалымдары дәріс береді.

У н и в е р с и т е т к е интелектуалдық мектеп түлектері қабылданады. Ең бастысы, олар ағылшын тілін жетік білуі қажет. Студенттерге қойылар талап осы. Өйткені мұнда дәрістердің барлығы ағылшын тілінде жүргізіледі. Яғни, университеттің білім беру базасы шетелдік оқу орындарымен тең дәрежеде болмақ.

Университ еліміздің білім туралы заңдарынан дербес жұмыс істейтін болады. Ел Президентіне ұстаздар қауымы университеттің құрметті профессоры атағы берілді.